​ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында "ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС!" атты волейбол турнирі өтті

0
329


​ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында

ERNUR.KZ. Тұран ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!" атты ересектер арасындағы волейбол турнирі жоғары деңгейде өтті.


Аудан көлемінде спортты дамыту, бұқаралық спортты насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткен бұл жарысқа түрлі ұйымдар мен мекемелерден жасақталған командалар қатысты. Қатысушылар жоғары шеберлік пен ұйымшылдықты көрсетіп, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын үлгісін ұсынды.

Жарыс барысында командалық рух, бірлік пен достықтың айқын көрінісі байқалды. Спортшылар тек жеңіс үшін емес, Жеңістің тарихи маңызын ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіру жолында тер төкті.

Турнир соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Тұран ауданы әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындарды ынталандыру мақсатында түрлі спорттық және мәдени-бұқаралық шараларды жалғастыра беретін болады.