Бүгінде пробация есебіндегі 15 азамат пен босатылған 1 азамат квота аясында жұмыспен қамтылып, қосымша 7 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлының төрағалығымен пробация қызметі есебінде тұрған және соттылығы бар азаматтарды әлеуметтендіру және тұрақты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Прокуратура тарапынан енгізілген ұсыныстарды қарау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.
2026 жылға арналған квотаға сәйкес пробация қызметі есебіндегі азаматтар үшін – 52, ал бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін – 33 жұмыс орны қарастырылған.
Бүгінде пробация есебіндегі 15 азамат пен босатылған 1 азамат квота аясында жұмыспен қамтылып, қосымша 7 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде ашылған жұмыспен қамту бұрышы арқылы 263 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар азаматтар жұмысқа орналастырылды.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, тиісті мекемелердің өзара іс-қимылы артады. Сонымен қатар, мәселе тұрақты бақылауда болып, тоқсан сайын арнайы жиындарда қаралатын болады.


