Шымкент қаласының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы 2025 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысын жариялады.
Басқарманың мәліметіне сәйкес, тамақ өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артқан. Бұл көрсеткіш қаланың өңдеу өнеркәсібі саласының тұрақты дамуы мен кәсіпкерліктің белсенділігін айқын көрсетеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім қаланың экономикалық әлеуетін нығайтып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл бағыттағы жетістіктер Шымкенттің индустриалды-инновациялық дамуына қосқан үлесін айқындайды.


