ШЫМКЕНТ: Қытай делегациясы өңірдегі ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысты

0
127


ШЫМКЕНТ: Қытай делегациясы өңірдегі ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Бүгін Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлин бастаған делегация ресми сапармен Шымкент қаласына келіп, өңірдегі ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Елші мен оның делегациясы сапар барысында алғашқы болып «Wan Sheng Ceramic» зауытына барды. Бұл – жылына 13 миллион шаршы метр керамикалық тақтайша өндіретін заманауи кәсіпорын. Жоба құны 25,5 миллиард теңгені құрайды және осы жоба аясында 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған.
Зауыт әлемдік стандарттарға сай заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, бұл оның өндірістік қуатын арттырып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Бөлісу