​ШЫМКЕНТ: Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік мәселелер де тыңдалды

0
158

Әлеуметтік сала өкілдері қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін тыңдап, жұмыспен қамту жөнінде аудандық мансап орталықтарына тапсырмалар берілді.


​ШЫМКЕНТ: Қоғамдық қабылдауда әлеуметтік мәселелер де тыңдалды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда басқармалар мен аудан әкімдіктері тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері қала тұрғындарының әлеуметтік салаға қатысты талап-тілектерін тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек, зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарды шипажайға жолдама беру кезегі жөнінде өтініштерін жеткізді.
Әлеуметтік сала өкілдері қабылдауға келген тұрғындардың мәселелерін тыңдап, жұмыспен қамту жөнінде аудандық мансап орталықтарына тапсырмалар берілді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің осы жылғы өзгерістерін түсіндірді.
Ал зейнеткерлерге шипажайға жолдама беру бекітілген тәртіпке сәйкес кезек ретімен жүзеге асырылатыны айтылды.
Бөлісу