ШЫМКЕНТ: химия өнеркәсібінде айтарлықтай өсім бар

0
54


ШЫМКЕНТ: химия өнеркәсібінде айтарлықтай өсім бар

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айларында өңдеу өнеркәсібі саласында оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібінің негізгі өсуі химия өнеркәсібі есебінен қамтамасыз етілді.

Есепті кезеңде химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 70,3 пайызға артты. Бұл көрсеткіш саланың өндірістік әлеуетінің жоғары екенін және кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін көрсетеді. Сонымен қатар, химия өнеркәсібінің дамуы өңдеу секторындағы жалпы өсімге серпін беріп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп отыр.
Жалпы, химия өнеркәсібіндегі жоғары өсім Шымкент қаласында индустриялық бағытты дамытуға, жаңа өндірістерді қолдауға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Бөлісу