Берілген тапсырмалардың орындалуы Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығына жүктелді.
Шымкентте халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның 2026 жылдың І тоқсандағы кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде комиссия төрағасын сайлау мен 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту мәселелері қаралды.
Ашық дауыс беру нәтижесінде комиссия төрағасы болып Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, ал төрағаның орынбасары болып Әуесханов Серік Елемесұлы сайланды.
Отырыста Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Б. Толыбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған өңірлік комиссияның жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес комиссия отырыстары тоқсан сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.
Берілген тапсырмалардың орындалуы Шымкент қаласы әкімдігінің Еңбек мобильдігі орталығына жүктелді.


