ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының тұрғындары акцияға қатысып аулаларды тазартты

0
196


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының тұрғындары акцияға қатысып аулаларды тазартты

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тауып, тұрғындар жаппай тазалыққа белсенді қатысуда.

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

«Нұрсәт» шағынауданындағы №37-49 көпқабатты тұрғын үйлердегі 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.
Акция барысында үй аулаларының аумағын қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдарды қырқу, орындықтарды сырлау және т.б жұмыстар жасалды.
Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің қатысуы ерекше маңызды болды. Олар үшін бұл олардың тазалық шарасына көмектесудің жолы ғана емес, достарымен және отбасымен ашық ауада уақыт өткізу мүмкіндігі болды.
Акцияға қатысқан тұрғындар балалар мен жастардың тазалық жұмыстарына араласуы Мемлекет басшысының айтқан «Таза Қазақстанды» қалыптастыруының негізі дейді тұрғындар.
Еске сала кетейік, көгалдандыру бойынша санитарлық жұмыстар Қаратау ауданының барлық елді мекендерінде көктемнің бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының Күншығыс шағын ауданындағы №11, 11-а көп қабатты тұрғын үй тұрғындары да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты.
Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштарды түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге ауданның ардагерлері, белсенді жастар барлығы 200-ден астам адам қатысты.
Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты.

Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.

Бөлісу