Астанада құрылыс алаңында өрт шықты

0
163

Зардап шеккендер жоқ.


Астанада құрылыс алаңында өрт шықты

ERNUR.KZ. Астананың Сарыарқа ауданындағы Бейсекова көшесінде салынып жатқан нысан аумағындағы жеке тұрған күзет бекеті өртенді, деп жазады Zakon.kz.


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт жедел түрде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.