«Халық қатысатын бюджет» – бұл тұрғындардың тікелей қатысуымен жергілікті бюджет қаражатының белгілі бір бөлігін пайдалану бағытын анықтайтын бағдарлама. Оның басты мақсаты – қала мен аудан аумақтарындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді халықтың өзі көтеріп, оны шешуге қаржы бөлуге мүмкіндік беру.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында тұрғындардың игілігіне арналған гүлзар мен спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Аталған нысандар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында барлық қауіпсіздік және сапа талаптарына сай салынды.
Ақпарат үшін айта кетсек, «Халық қатысатын бюджет» – бұл тұрғындардың тікелей қатысуымен жергілікті бюджет қаражатының белгілі бір бөлігін пайдалану бағытын анықтайтын бағдарлама. Оның басты мақсаты – қала мен аудан аумақтарындағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді халықтың өзі көтеріп, оны шешуге қаржы бөлуге мүмкіндік беру.
Бағдарлама аясында әрбір тұрғын өз көшесі, ауласы, немесе шағынауданын жақсартуға қатысты жобалық ұсыныс бере алады. Мысалы, балалар және спорт алаңшаларын орнату, көшені жарықтандыру, тротуар немесе демалыс аймақтарын салу сияқты бастамалар жиі ұсынылады.
Ұсыныстар арнайы онлайн және офлайн форматта қабылданады. Кейін тұрғындар дауыс беру арқылы ең өзекті жобаларды таңдайды. Жеңген жобаларға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жыл ішінде жүзеге асырылады.
«Халық қатысатын бюджет» ашықтықты, есеп беруді және қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, ортақ жауапкершілікті қалыптастыратын тиімді тетік.