​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАҢАРТЫЛУДА

0
74


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкент қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынуда.

Бүгінгі таңда жол жөндеу және қайта құру жұмыстары тек көлік қозғалысы қарқынды, қоғамдық көлік бағыттары өтетін және әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан көшелерде ғана емес, сонымен қатар шағын аудандар мен елді мекендердің ішкі орам көшелерінде де белсенді түрде жүргізілуде.

Бұл жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстар ескерусіз қалмай, нақты істерге ұласуда. Жол сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың тұрғындар тарапынан қолдау тауып, оң бағалануы – жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзектілігін айғақтайды.
Жол инфрақұрылымын дамыту шаралары асфальт жабындысын жаңарту және қайта төсеу, жол жиегіндегі суағар жүйелерін жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және абаттандыру, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол белгілері мен жарықтандыру жүйелерін орнату бағыттары бойынша жүзеге асуда.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасатын болады. Қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде дамыту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі.
Шымкент қаласының әкімдігі жол-көлік жүйесін заманауи талаптарға сай жаңғырту арқылы жайлы, қауіпсіз және тиімді қала кеңістігін қалыптастыруға ұмтылуда.
Бөлісу