2025 жылғы 10-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы мен Қаратау АПБ ҚҚБ ЮПТ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, жас сақшылармен бірлесіп, республикалық «Жол қауіпсіздігі апталығы» аясында Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің 2-сынып оқушыларымен «Балалық шақ қорғалған» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шара барысында балаларға жол белгілері, жаяу жүргіншілер өткелін қауіпсіз пайдалану, велосипед пен самокатты дұрыс басқару ережелері түсіндіріліп, практикалық мысалдар көрсетілді. Сонымен қатар, «Есте сақта және ойлан» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар шығармашылықпен қатысып, өз ойларын жеткізді.
Полицейлер шара соңында балаларға жолда сақ болуды және ережені ұстануды, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығын түсіндірді.


