Бүгінгі таңда қала аумағындағы 1 262 гектарға саяқ шегірткелерге  қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары Тұран ауданында – 314, Әл-Фараби ауданында 280, Қаратау ауданында  228, Еңбекші ауданында 140,  Абай ауданында 300 гектар егістік алқапта атқарылады.
 Кенеге, яғни энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілдерінде жасалады. Көктемде жалпы 152 мыңнан аса үй жануарына бүрку, тоғыту шаралары атқарылып,  қора-жайлар мен саябақтар,  гүлзарлар залалсыздандырылды. Қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, залалсыздандыруға бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер мен ранц аппараттары бар 6 бригада жұмылдырылды. Өңдеу шаралары тек малы бар үйлер мен қора-жайларға бюджет есебінен жүргізіледі.
 Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22, 8707-414-68-96

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
