​Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
112

Қаладағы 50-ден астам мемлекеттік мекеме мен жеке жұмыс берушілер 3000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынуда.


​Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шымкент қаласында өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр. Іс-шара Назарбаева даңғылы 12 мекенжайында орналасқан Көрме орталығында ұйымдастырылған.

Жәрмеңке аясында қала аумағындағы 50-ден астам мемлекеттік мекеме мен жеке жұмыс берушілер 3000-нан аса бос жұмыс орнын ұсынып отыр.
Сонымен қатар, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарынан келген делегаттар ерікті қоныс аудару мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпарат беріп жатыр.
Жәрмеңкеде тұрғындарға жұмыспен қамту шаралары, соның ішінде қайтарымсыз гранттар, кәсіптік білім алу және мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасу жолдары жөнінде кеңестер ұсынылып отыр.
Бөлісу