2025 жылдың қаңтар–маусым айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 2 237,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты қарқынмен жалғасуда. Қала экономикасының негізгі салаларында өсім қамтамасыз етіліп, өндіріс, инвестиция тарту, құрылыс және қызмет көрсету бағыттарында оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 2 237,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті. Аталған өсім республикалық орташа көрсеткіштен (106,3%) жоғары деңгейде қалыптасты. Республика бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі құрылымындағы Шымкент қаласының үлесі 3,6 пайызды құрады.
Ал ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң өсім байқалды. Нақты айтқанда, сауда көлемі 24,6 пайызға, байланыс қызметтері 18,3 пайызға, өнеркәсіп өндірісі 14,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 7 пайызға, инвестициялар 4,7 пайызға артты. Сонымен қатар, 982,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, Шымкент қаласы экономикасының өсімі 14,8 пайызды құрап, республика бойынша алдыңғы қатардан орын алды.


