ШЫМКЕНТ: қала әкімі қоғамдық кеңістіктер мен медициналық нысандардың жұмысын тексерді

0
145

Қала әкімі атқарылған жұмыстар үшін мердігерлерге және абаттандыру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі қоғамдық кеңістіктер мен медициналық нысандардың жұмысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Нұртас шағынауданындағы Ақбота көшесінде бой көтерген қоғамдық кеңістіктің құрылыс нәтижесімен танысты.

18 сотық аумақта тұрғындардың демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне қажетті жағдай жасалған. Мұнда балалар ойын алаңы мен воркаут алаңы жабдықталып, үстел теннисі қойылған. Сондай-ақ демалыс орындары қарастырылып, субұрқақ орнатылған. Аумақ тұрғындардың ұсыныстары ескеріле отырып абаттандырылған.
Сонымен қатар қала әкімі Asem Medical медициналық орталығына барып, оның жұмысымен танысты. Мұнда консультативтік-диагностикалық және емдеу қызметтері көрсетіліп, күндізгі стационар мен мобильді бригада жұмыс істейді.
Орталықта заманауи диагностикалық әдістерді қолдануға және пациенттерді қабылдауды тиімді ұйымдастыруға басымдық берілген. Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Бұдан кейін «DJUNO» ЖШС-нің көз клиникасының жұмысымен танысты. Орталықта көру қабілетін лазерлік түзету, катаракта, глаукома және қасаң қабық ауруларын емдеу, сондай-ақ түрлі офтальмологиялық операциялар мен диагностикалық процедуралар жүргізіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында азаматтарға бейінді консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге заманауи медициналық технологияларды енгізу, озық тәжірибені пайдалану және шетелдік мамандармен кәсіби ынтымақтастықты дамыту қажеттігі айтылды.
Қызылжар шағынауданында тұрғындардың ұсынысымен салынған Ардагерлер саябағының құрылыс нәтижесі де тексерілді. Мұнда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары төселген, орындықтар мен жарықтандыру шамдары орнатылған. Сонымен қатар заманауи перголасы бар жайлы демалыс аймағы жасалған.
Бұдан бөлек, демеушілердің қолдауымен Абай ауданының Ардагерлер кеңесі мүшелеріне арналған жеке ғимарат салынып, пайдалануға берілді.
Қала әкімі атқарылған жұмыстар үшін мердігерлерге және абаттандыру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғыс білдірді. Мұндай қоғамдық кеңістіктер тұрғындардың, соның ішінде аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуіне және өзара араласуына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Бөлісу