ШЫМКЕНТ: ​қала әкімі абаттандыру және инфрақұрылымжобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

0
279


ШЫМКЕНТ: ​қала әкімі абаттандыру және инфрақұрылымжобаларының жүзеге асырылу барысын тексерді

Шымкент қаласының әкімі қаланы аралау барысында Әл-Фараби ауданында орналасқан мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз және спорттық жабдықтар өндіретін «WOODERN» ЖШС-нің өндіріс цехына барды.

Әкім Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысына мемлекеттік қолдау шаралары аясында өндірісті кеңейту бойынша кешенді көмек көрсетуді тапсырды.

Қала басшысы «Самал-3» шағынауданындағы Юсупов көшесінде тұратын тұрғындардың өтініштерін де назарға алды. Азаматтар жол жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы мен жарықтандыру мәселесін көтерді. Кездесу барысында әкім барлық жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және биыл толық аяқталатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар қала әкімі Изенді көшесін Төлеметов көшесіне дейін жалғау және Кремль көшесін күтіп-ұстау жұмыстарының жай-күйін тексерді. Мердігер ұйымға құрылыс қарқынын арттырып, барлық техникалық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан бөлек, әкім Еңбекші ауданындағы «Жасдәурен» шағынауданына барып, абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өткен жылы көшпелі кездесу барысында тұрғындар тарапынан скверлер, балалар және спорт алаңшаларын салу жөнінде өтініштер түскен болатын.
Аталған жұмыстардың сапалы әрі қауіпсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкіміне тиісті тапсырмалар берді. Әкім барлық жастағы тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз демалыс аумақтарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Бөлісу