​ШЫМКЕНТ: «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

0
111

Қазіргі таңда мекемеде 25 түрлі ем-шара жүргізіледі.


​ШЫМКЕНТ: «ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» ОРТАЛЫҒЫ ЖЫЛ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Ізетті зейнеткер» мекемесі жыл бойы қысқа мерзімді демалыс пен сауықтыру қызметін көрсетіп келеді.

Бәйдібек би көшесі, 101/2 мекенжайында орналасқан орталық 120 орынға есептелген және еңбек ардагерлері мен зейнеткерлерге санаторлық-курорттық қызмет ұсынады. Демалушылар мұнда 10 күн жатып, денсаулықтарын нығайта алады. Күніне төрт мезгіл аспен толық қамтамасыз етіледі, жас ерекшелігі мен денсаулық жағдайы ескеріліп, әр келушіге жеке ем алу кітапшасы толтырылады.
Қазіргі таңда мекемеде 25 түрлі ем-шара жүргізіледі. Олардың қатарында ванна, циркулярлы душ, ультракүлгін сәулемен емдеу (УФО), ультрадыбыстық терапия (УЗТ), УВЧ, биоптрон, тұзды шахта, электртерапия, жылытқыш матрас, иондық детокс, инверсиялық үстел секілді қызметтер бар.
Физиотерапия бөлімінде электрофорез, парафинмен емдеу, мойын бөлігіне арналған діріл массаж аппараты, ингалятор, массаж орындығы, аяқ массажері, дарсонваль, магнитті терапия, СЦЭК аппараты жұмыс істейді.
Сумен емдеу орталығында фито-бочка, багуа саунасы, түрлі ванналар, циркулярлы душ, аяққа арналған су гидромассажы және инфрақызыл сауна қызметі қарастырылған. Мекемеде демалушылардың денсаулығын жақсартуға және жайлы демалуға барлық қажет жағдай жасалған.
Айта кетейік, орталық қызметін алу үшін geo-shym.kz сайты арқылы кезекке тіркелу қажет.
Бөлісу