ШЫМКЕНТ: экологиялық жобаларды іске асыру және қалдықтарды басқаруды жетілдіру

0
95


ШЫМКЕНТ: экологиялық жобаларды іске асыру және қалдықтарды басқаруды жетілдіру

Тәулігіне шамамен 1000 тонна тұрмыстық қалдық шығатын Шымкент үшін экология – стратегиялық мәселе.

Осы мақсатта 2025–2027 жылдары қалдықтарды жағу арқылы энергия өндіретін 100 млн долларлық зауыт салу туралы инвестициялық келісімге қол қойылды. Зауыт іске қосылғанда 70 тұрақты жұмыс орны ашылады және қаланың экологиялық ахуалы айтарлықтай жақсарады.

Сонымен қатар МЖӘ аясында қалдықтарды сұрыптау және жинау жүйесін жаңғырту жобасы іске асуда. «Clean Village» компаниясы жылына 300 мың тонна қалдықты сұрыптайтын желі салып, 200 жартылай жерасты контейнерін, 900 толым датчигін, 50 бейнекамера орнатуды қолға алады. 60 арнайы техниканы планшетпен жабдықтап, қалдықтарды тасымалдау процесі толық цифрландырылмақ.
Бұл жобалар мегаполистің экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, Шымкенттің таза әрі жасыл қала ретінде дамуына елеулі үлес қосады.
Бөлісу