Қала тұрғындары мен қонақтарын, әсіресе жасөспірімдерді, ортақ мүлікті бүлдірмеуге, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз.
Шымкент қаласында вандализм салдарынан бүлінген Қошқар ата өзені жағалауындағы мүліктер қалпына келтірілуде.
Қазіргі уақытта Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты жағалау инфрақұрылымын күтіп-ұстау жұмысын жауапты мердігер мекеме атқарып жатыр.
Жалпы 120 шам және 85 жарықшам бөлшегі бүлінген. Сонымен қатар, сынған орындықтар жөнделіп, жағылған бояулар тазартылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын, әсіресе жасөспірімдерді, ортақ мүлікті бүлдірмеуге, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз.
Қошқар ата өзені – қаламыздың маңызды демалыс орны. Ал қаланың тазалығы мен көркін сақтау баршаға – ортақ жауапкершілік.


