ШЫМКЕНТ: Бүйрек трансплантациясы бойынша 251-ші ота сәтті өтті

0
99

41 жастағы азамат өзінің 45 жастағы туған ағасына бүйрегін донор ретінде берді.


ШЫМКЕНТ: Бүйрек трансплантациясы бойынша 251-ші ота сәтті өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада туыстық донордан бүйрек трансплантациясы бойынша кезекі операция сәтті орындалды. 41 жастағы азамат өзінің 45 жастағы туған ағасына бүйрегін донор ретінде берді. Науқас 2011 жылдан бері созылмалы бүйрек ауруымен ауырып, 2025 жылдың қазан айынан бастап бағдарламалық гемодиализ қабылдап келген.

Донор мен реципиент қолданыстағы хаттамаға сәйкес толық медициналық тексеруден өтіп, барлық қажетті құжат пен келісімдер заңнама талаптарына сай рәсімделді.
Ота сәтті өтіп, техникалық қиындықтар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең қалыпты өтуде, гемодинамикалық көрсеткіштері бірқалыпты. Емдеу шаралары бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жалғасуда.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласында 251 бүйрек, 33 бауыр және 3 жүрек трансплантациясы жасалған. Бұл мегаполисте жоғары технологиялық медициналық көмектің қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.