ШЫМКЕНТ: баспана кезегіндегі азаматтарды үймен қамтамасыз ету жалғасуда

0
84

Көптен күткен қоныс қолдауға мұқтаж жандарға бұйырып отыр.


ШЫМКЕНТ: баспана кезегіндегі азаматтарды үймен қамтамасыз ету жалғасуда

Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған тағы 26 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Оларға Асар-2, Бозарық және Тұран шағынаудандарындағы жаңа жалдамалы пәтерлердің кілттері табысталды.

Көптен күткен қоныс қолдауға мұқтаж жандарға бұйырып отыр. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар мен жетім балалар бар.
Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков азаматтарды қоныс тойларымен құттықтап, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмасын орындау аясындағы маңызды бағыттың бірі екенін жеткізді.
Айта кету керек, пәтерлерді тапсыру белгіленген рәсімдер мен заң талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылады. Бұл үйді бөлудің ашықтығын, әлеуметтік әділдікті және азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Мұндай жобаларды іске асыру баспана мәселелерін шешумен қатар, қаладағы инфрақұрылымды кешенді дамытуға, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлісу