ШЫМКЕНТ: ардагерлер жаңа өзгерістерге үн қосты

0
69

Жиында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтар, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер бары айтылды.


ШЫМКЕНТ: ардагерлер жаңа өзгерістерге үн қосты

Шымкенттегі “Ізетті зейнеткер” орталығында ардагерлер жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша бас қосып, жаңа өзгерістерге орай пікір білдірді.

Іс-шарада зейнеткер ұстаз, “Білім беру ісінің үздігі” Сейдахмет Қожамжаров баяндама жасап, демалушы ардагерлерге Ата Заңның жаңа редакциясындағы оң өзгерістерді әңгімелеп берді.⁣⁣⠀⁣⁣⠀

Жаңа Конституция жобасы – еліміздің болашаққа бағытталған стратегиялық бағдарын заңдық тұрғыда бекітетін құжат. Ата бабамыз сан ғасырлар бойы қастерлеп келе жатқан отбасы, неке сияқты дәстүрлі құндылықтарды қорғауды, ұлттық бірлікті сақтауды және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қамтамасыз етуді нақтылайтын заңдық негіз болмақ. ⁣⁣⠀
– Қазір адамның санасы да, қоғам да өзгерді. Қолданыстағы Конституция өз міндетін толық орындады деуге толық негіз бар. Бүгінгі таңда біз цифрлық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Сол себептен бізге жаңа құқықтық нормалар керек. Жеке деректерді цифрлық тұрғыда қорғаудың маңызы өте зор. Білім, ғылым саласына да көңіл бөлініп отыр. Бұл елде адам капиталын дамытуға зор серпін бермек, – деді зейнеткер ұстаз. ⁣⁣⠀⁣⁣⠀
Жиында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтар, отбасы институтын нығайтуға бағытталған жүйелі өзгерістер бары айтылды. Іс-шараға белсене қатысқан ардагерлер ел азаматтарын 15 наурызға белгіленген бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақырды.⁣⁣⠀
Бөлісу