ШЫМКЕНТ: әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

0
53

Бүгінде аталған ұйымдарда 335 адам қызмет алса, олардың 70-і – қарт азамат.


ШЫМКЕНТ: әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар марапатталды

Шымкент қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 10 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Бүгінде аталған ұйымдарда 335 адам қызмет алса, олардың 70-і – қарт азамат.

Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы Өтебаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін 25 қазан – Республика күнімен және қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Әлеуметтік сала қызметкерлері күнімен құттықтады.
Мерекелік құттықтау аясында қала әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлының атынан әлеуметтік қызмет көрсету бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
Құттықтау барысында Жанат Өмірсейітқызы әлеуметтік саладағы үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөлін атап өтіп, олардың игілікті істеріне табыс тіледі.
«Әлеуметтік саладағы жұмыс - үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен жанашырлықты талап ететін маңызды міндет. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз көптеген азаматтың өміріне оң әсер етіп, олардың қоғамнан өз орнын табуына мүмкіндік береді. Әрқайсыңыздың атқарып жүрген жұмыстарыңыз ерекше құрметке лайық», - деп ізгі тілегін білдірді.
Бөлісу