ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

0
233


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заң бұзушылық фактілерін анықтау.

Рейд барысында сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз халық көп жиналатын ойын-сауық орталықтарында жүрген жасөспірімдер анықталды.
Тексеру нәтижесінде ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заң талаптарын бұза отырып жүргені анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты 19 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қатысты 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бөлісу