Шымкент әкімі нәзік жандыларды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

0
81

Қала әкімі бірқатар қыз-келіншектер аяулы аналарға ел дамуына қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады.


Шымкент әкімі нәзік жандыларды 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Салтанатты іс-шараға түрлі салада еңбек етіп, кәсіби және қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткен қыз-келіншектер қатысты. Қала әкімі бірқатар қыз-келіншектер аяулы аналарға ел дамуына қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады.
Алдағы мерекемен құттықтаған Ғабит Сыздықбеков, Қазақстанда әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған саясаттың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Әсіресе отбасы институтын қолдауға, көпбалалы аналарды қолдауға, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Сондай-ақ нәзік жандылардың қоғам дамуына қосқан маңызды үлесі мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы рөлін атап өтіп, барлық салада әйелдер қауымының бастамаларын қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Бөлісу