​ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

0
83

Барлық өтініштер бақылауға алынып, жекелеген мәселелер бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.


​ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық форматта өткен кездесу барысында қала тұрғындарымен тікелей диалог орнатылып, өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Қабылдау барысында 150-ден астам азамат түрлі мәселелер бойынша өтініш білдірді. Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерді шешудің нақты жолдары ұсынылып, қажет болған жағдайда алдағы іс-қимыл алгоритмі мен уәкілетті органдардың құзыреті түсіндірілді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс және денсаулық сақтау салаларына қатысты болды. Барлық өтініштер бақылауға алынып, жекелеген мәселелер бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады.
Мұндай жеке қабылдаулар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және халықпен тиімді кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Шаһар басшылығы бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.
Бөлісу