​ШЫМКЕНТ: 11 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

0
127

Мектептер заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ғимараттардың қауіпсіздігі күшейтіліп, тартымдылығы арта түсті.


​ШЫМКЕНТ: 11 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда елімізде 1300-ге жуық мектеп реновацияланады.

Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ағымдағы жылы 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, 1 білім нысанының жылыту жүйесін жаңарту және 1 балабақшаны жөндеу жоспарланған.

Бүгінде жоспарға сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары толық атқарылды.
Атап айтқанда: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатның Б, В, В1, В2, М, Д, Д1, Д 2, Д 3 оқу ғимараттары, Ө. Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі ғимараты, Ақпан батыр атындағы» №10 жалпы орта мектеп ғимараты, Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты, Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы білім беретін орта мектеп жылу жүйесі, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназия ғимараты, № 75 мектеп-гимназия ғимараты, № 99 мектеп-гимназия ғимараты, Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты, № 109 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты және №97 балабақша ғимараты.
Мектептер заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ғимараттардың қауіпсіздігі күшейтіліп, тартымдылығы арта түсті.
Бөлісу