Әсем гүлдер қаладағы барлық аудан аумағына егіліп, негізгі көшелер мен қоғамдық орындарды қамтыды
Шымкент қаласының аумағына биылғы көгалдандыру жұмысы аясында 1,6 миллион қызғалдақ егілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 600 мыңға артық.
Қызғалдақтар арнайы Нидерландыдан жеткізіліп, гүлдерді күтіп-баптау жұмысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Әсем гүлдер қаладағы барлық аудан аумағына егіліп, негізгі көшелер мен қоғамдық орындарды қамтыды. Атап айтқанда:
* Абай ауданында – 318 000;
* Әл-Фараби ауданында – 399 000;
* Еңбекші ауданында – 127 250;
* Қаратау ауданында – 401 500;
* Тұран ауданында – 254 250.
Сонымен қоса, саябақтарға 100 мың гүл егілді.
Жалпы, қызғалдақ гүлдері қаланың эстетикалық келбетін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көктемгі атмосфера сыйлап отыр.


