​КІТАП ОҚУ – ҚОҒАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ

0
68


​КІТАП ОҚУ – ҚОҒАМНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ КІЛТІ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы – Қазақстанды әлемнің ең көп кітап оқитын он елінің қатарына қосуды мақсат етеді. Қазіргі таңда еліміз бұл көрсеткіш бойынша 95-орында. Сондықтан бастаманың басты миссиясы – оқуды өмір салтына айналдыру және рухани сананы жаңғырту.

Жоба аясында Шымкент қаласында әр оқу орнында «Оқырман клубтары» мен «Кітап бұрыштары» ашылып, әдеби кештер, пікірталастар мен кітап алмасу акциялары өткізіліп келеді. Әдістемелік орталықтар оқырмандарға арналған нұсқаулықтар мен оқу күнделіктерін әзірлеген.
Қатысушылар арасында мотивацияны арттыру мақсатында қомақты жүлделер белгіленді:
– І орын – 1 миллион теңге;
– ІІ орын – 600 мың теңге;
– ІІІ орын – 400 мың теңге.
Жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Дегенмен ұйымдастырушылардың пікірінше, ең үлкен жеңіс – адамның өз бойындағы рухани байлықтың оянуы.
Ақпараттық бағыттағы жұмыс та кең көлемде жүргізілуде. #КітапОқитынҰлт және #ЧитающаяНация хэштегтері арқылы әлеуметтік желілерде халықтық қозғалыс қалыптасып келеді. Қатысушылар оқыған кітаптары туралы бейнепікірлер түсіріп, TikTok және Instagram парақшаларында бөлісуде. Танымал тұлғалар мен блогерлер де жоба амбассадорлары ретінде насихатқа үлес қосуда.
Журналистер қауымының да бұл үдерістегі рөлі зор. Себебі ақпарат құралдары арқылы жобаның шынайы мәні халыққа кеңінен тарайды. «Кітап оқитын ұлт» – жай мәдени шара емес, елдің интеллектуалды әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдар.
Кітап оқитын ұлт – ойланатын ұлт, ал ойланатын ұлт – дамитын ұлт. Әр азаматтың кітапқа деген сүйіспеншілігі – ел болашағына қосқан ең үлкен үлес.
Бөлісу