​Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

0
182

Бүгін Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.


​Қаратау ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық шарасы өтті

ERNUR.KZ. Аталған іс-шара қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Сенбілік барысында қала аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Барлық аудандарда аулалар, саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді. Сонымен қатар ағаштарды әктеу, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары атқарылды.
Аталған іс-шара аясында Қаратау ауданында да тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әсіресе, «Нұртас-1» шағын ауданында тұрғындар, еріктілер мен жастар және коммуналдық сала қызметкерлері белсенділік танытты.
Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде қала тұрғындары, жастар, еріктілер және коммуналдық сала қызметкерлері бар. Қатысушылар «Нұртас» тұрғын алабындағы «Каусар» каналы маңындағы сай-салаларды тазарту жұмыстарын жүргізді.
Жалпы аудан бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері сенбілікке қатысып, аумақтарды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, қала тазалығын сақтау – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тазалық мәдениетін қалыптастыру – тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.