«ЕРЛІК ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК!»: Шымкентте кітап көрмесі өтті

0
145

Жастарға Ұлы Отан соғысының тарихы туралы, ақпарат беріліп, Қазақстандықтардың майдан шебіндегі маңызды рөлі мен орны туралы кеңінен түсіндірілді.


«ЕРЛІК ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК!»: Шымкентте кітап көрмесі өтті

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлік даңқы мәңгілік!» атты кітап көрмесі өтті.

Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпаққа өз елін сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу және Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін ұрпақ жадында сақтау.
Іс-шараға қаладағы Алпамыс батыр атындағы №40 орта мектеп, Қ. Спатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицей оқушылары мен М. Өтебаев атындағы жоғарғы жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында жастарға Ұлы Отан соғысының тарихы туралы, ақпарат беріліп, Қазақстандықтардың майдан шебіндегі маңызды рөлі мен орны туралы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу және тарихи жадыны сақтау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батыр жауынгерлер туралы, олардың мұрасын сақтау жолындағы еңбектері, кітаптары мен тағылымды сөздері туралы сөз қозғалып, жастарға таныстырылды.
Сонымен қатар, даңқты қолбасшы, «Халық қаһарманы» Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың – 105 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың – 100 жылдығына орай тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Бөлісу