Дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр

0
132

Дәстүрлі жарысқа еліміздің өңірлерінен және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолиядан дан 285 жасөспірім палуан қатысуда.


Дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир өтіп жатыр

ERNUR.KZ. Шымкентте дзюдодан жасөспірім ұлдар және қыздар арасындағы «Shymkent Open» республикалық ашық турнирі өтуде. Дәстүрлі жарысқа еліміздің өңірлерінен және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолиядан дан 285 жасөспірім палуан қатысуда.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық дзюдо федерациясының вице-президенті Алтынбек Абаев жасөспірімдерге сәттілік тілеп, осындай жарыстарда спортшылар шыңдалатынын, тәжірибе жинайтынын атап өтті.
Айта кету керек, жасөспірімдер арасында дәстүрлі турнирдің ауқымы кеңейіп келеді. Шымкенттік жас дзюдошылар бүгінде әлемдік деңгейдегі жарыстардан нәтижелі оралып жүр. Мысалы, өткен жылы Талғат Орынбасар жастар арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанған болатын.