​DIGITAL QAZAQSTAN AWARDS: ҮЗДІК ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

0
88

Сыйлықтарды салтанатты түрде еліміздің мемлекеттік және ірі компаниялар өкілдері табыстады.


​DIGITAL QAZAQSTAN AWARDS: ҮЗДІК ЖОБАЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумы аясында еліміздегі жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған басты оқиғалардың бірі – Digital Qazaqstan Awards ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Биыл байқауға 345 өтінім қабылданып, оның 162-сі финалдық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар көпсатылы іріктеу нәтижесінде анықталды: алдымен жобалар жасанды интеллект көмегімен сараланып, кейін сарапшылар алқасының шешімімен бекітілді.
Бірқатар номинациялар бойынша үздік жобалар анықталды. Best AI Government Services аталымында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған Alaqan платформасы жеңіске жетті. Best Industrial AI Project номинациясында өндірістік қауіпсіздік пен операциялық үдерістерді басқаруға бағытталған Fractal платформасын ұсынған Aspans жобасы үздік деп танылды.
Сондай-ақ, Regional AI Transformation номинациясы бойынша өңірлерде жасанды интеллект экожүйесін дамытуға бағытталған Ikigai Promotion жобасы марапатталды. AI for Social Impact аталымында балалардың психоэмоционалдық жағдайын бақылауға арналған HR+ жүйесін әзірлеген Codo жобасы үздік деп танылды. Ал Best AI Startup номинациясында бейнеаналитика арқылы агрессивті мінез-құлықты анықтайтын Protector AI стартапы жеңімпаз атанды.
Сыйлықтарды салтанатты түрде еліміздің мемлекеттік және ірі компаниялар өкілдері табыстады.
Айта кету керек, Digital Qazaqstan Awards – отандық ІТ-жобаларды қолдауға және оларды кең аудиторияға таныстыруға бағытталған маңызды алаң. Бұл бастама қатысушыларға Қазақстанның цифрлық трансформациясы күн тәртібінің белсенді бөлігіне айналуға мүмкіндік береді.
Бөлісу