​«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МЕН ВЕЛОСИПЕДШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БАҒЫТТАР АШЫЛДЫ

0
123


​«ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ»: ШЫМКЕНТТЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР МЕН ВЕЛОСИПЕДШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БАҒЫТТАР АШЫЛДЫ

Қазіргі таңда Шымкентте тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар сәтті жүзеге асуда. Солардың бірі – «Денсаулық жолы».

Бәйдібек би даңғылы бойы мен Бозарық айналма жолына дейін ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын аяқжол мен веложол құрылысы аяқталып, жол таңбалары сызылды. Бұл – тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық жоба.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар А-2 айналма жолымен Ипподром аумағына дейін жалғасып, тағы 4,1 шақырым жол салу жоспарланып отыр. Жоба толық іске асқанда қала тұрғындары үшін үлкен серуен және веложүру бағыты пайда болады.
Айта кетейік, 2024 жылы Қажымұқан стадионы мен Дендросаябақ арасындағы бұрынғы балалар теміржолының орнына да аяқжол мен веложол салынған болатын.
«Денсаулық жолы» деп аталатын көпшілікке арналған бағыттың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрайды.
Бөлісу