DANA BALA: ​ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ – ЖЕТІСТІККЕ БАСТАР ЖОЛ

0
74

Конференцияның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы тиімді тәжірибелерді анықтау, жүйелеу және кеңінен тарату.


DANA BALA: ​ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ – ЖЕТІСТІККЕ БАСТАР ЖОЛ

Шымкентте аймақтық деңгейде өткен «Тиімді тәжірибе – жетістікке апарар жол» атты ғылыми-тәжірибелік конференция мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін берді.

Білім басқармасының Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара DANA BALA жобасы аясында өткізіліп, оған 700-ге жуық педагог қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – білім беру саласындағы тиімді тәжірибелерді анықтау, жүйелеу және кеңінен тарату. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы білім сапасын көтеру және DANA BALA жобасын өңіраралық деңгейде дамыту көзделді.
Іс-шара бағдарламасы мазмұндық тұрғыдан бай болды. Қатысушылар «Авторлық өнім – сапалы білім кепілі» тақырыбындағы көрмені тамашалап, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Тәжірибелік бөлімде педагогтер балалардың жан-жақты дамуына бағытталған тиімді әдістер мен заманауи тәсілдерді ұсынды. Әсіресе музыкалық-дидактикалық ойындар арқылы шығармашылықты дамыту, білім берудің табысты формулалары секілді бағыттар кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, конференция аясында DANA BALA жобасын өңіраралық деңгейде енгізу бойынша маңызды қадам жасалды. Түркістан облысының Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандарынан келген мектепке дейінгі ұйым өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Іс-шара «Ұстаз бен бала – шығармашылық үндестігі» атты сахналық қойылыммен және марапаттау рәсімімен қорытындыланып, бүлдіршіндердің әнімен аяқталды.
Бөлісу