​АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: Шымкент қаласындағы маңызды мәселелер талқыланды

0
103

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 292-ге артып, 1 352 мекеме 397 мыңнан астам білім алушылармен толығып отыр. Қаламызда 6 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.


​АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: Шымкент қаласындағы маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін Шымккент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының орындалуы талқыланды.

Білім басқармасының басшысы Г.Сүлейменова дайындық барысын, алдағы Тамыз конференциясы бойынша баяндады.
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары 292-ге артып, 1 352 мекеме 397 мыңнан астам білім алушылармен толығып отыр. Қаламызда 6 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жаңа оқу жылына дейін 3 мектепт пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 10 білім беру ұйымының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілуде.
Ғ. Әбдімәжитұлы жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтап, дайындықты пысықтауда тапсырмалар берді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын жеткізді. 2025 жылы 49,6 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 18,1 мың адам қатысып, жоспар 36,4% орындалып отыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылдың 1 тоқсанындағы жағдаймен жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ды құрап отыр. Қала басшысы жауаптыларға бұл бағыттағы мемлекеттік қолдауларды тиімді жүзеге асырып, халықты жұмыспен қамтуда заманауи, нақты қадамдар қажеттігін жеткізді. Басқармаларға бірлесе жұмыс атқарып, жастарды еңбекке баулуда ұтымды шешімдер қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар жиын барысында мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысы пысықталды. Қала басшысы қазынаның әрбір тиынын заңға сай пайдалануды ескертіп, құйтырқылықтарға жол берген тұлғаларға қатаң шара қолдануда нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу