Әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді: Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

0
85

Донордың ерлігі – адамгершілік пен жанқиярлықтың нағыз көрінісі.


Әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді: Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті өтті

Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті 246-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. Ерекше қуантатыны – жоғары технологиялық ота небәрі 1 сағат 27 минутта аяқталды.

Бұл – тек медициналық жетістік емес, бұл – отбасы үшін үміттің қайта жануы, өмірге деген сенімнің оралуы. Донор – 1984 жылы туған әйел, реципиент – 1976 жылы туған азамат. Ол 2022 жылдан бері диализге тәуелді болып келген. Бүгінгі таңда реципиенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Ал донордың ерлігі – адамгершілік пен жанқиярлықтың нағыз көрінісі.
Бұл операция №1 қалалық клиникалық ауруханасында жоғары технологиялық медициналық көмектің қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ трансплантология саласындағы жүйелі әрі нәтижелі жұмысты айқын дәлелдейді.
Бірнеше күнде ерлі зайыптылар үйлеріне бала шағаларына қайтады, бар қорқыныш қиыншылық артта қалды.
Бөлісу