​АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙНАСЫ

0
62

Кездесу барысында Абай шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін өзектілігіне ерекше мән берілді.


​АБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХТЫҢ АЙНАСЫ

10 тамыз – Абай күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен жастардың рухани танымын кеңейтіп, ұлы ақын мұрасын тереңірек зерделеу мақсатында абайтанушы Әзімхан Исабекпен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызын атап өтіп, «Ұлтымыз бен жұртымыздың жаңа болмысын қалыптастыру үшін бізге Абайдан асқан ақылшы жоқ» деген болатын.
Кездесу барысында Абайдың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы, қара сөздері мен философиялық ойлары кеңінен сөз болды. Ақынның білім мен ғылымға, еңбекке, адамгершілікке және елдікке үндейтін тағылымы талқыланды.
Жастар абайтанушының тағылымды әңгімесін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу барысында Абай шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін өзектілігіне ерекше мән берілді.
Абай мұрасы – ұлттың рухани тұтастығын айқындайтын баға жетпес қазына. Ұлы ақынның өнегесін дәріптеу – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, елдік құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Бөлісу