​ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 60 мың түп көшет отырғызылады

0
170

Көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында аудан аумағында арнайы тұқымбақ бар.


​ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданында 60 мың түп көшет отырғызылады

Ордабасы ауданында биыл 60 мыңға жуық көшет отырғызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданында жасыл желек көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан басшысы Азат Оралбаевтың тапсырмасына сәйкес, күзгі ағаш отырғызу науқанына дайындық пысықталып, көшеттерді егу және күтіп-баптау жұмыстары қолға алынған. Биылғы жоспар бойынша аудан аумағында жалпы 55 900 көшет отырғызу көзделген. Оның 17 600-і көктемгі маусымда егілсе, күзде тағы 38 300 көшет отырғызу жоспарланған. Күзгі науқанда қарағаш, үйеңкі, айлант, терек және арша көшеттері егіледі.

Көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында аудан аумағында арнайы тұқымбақ бар. Онда сарыөрік, үйеңкі, айлант және шаған тұқымдары себіліп, бүгінде жас өскіндер тамыр жайып, өсіп келеді. Оларды күтіп-баптауға арнайы қызметкерлер бекітіліп, күтім жасау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Темірлан ауылының кіреберісіндегі жолдың екі қапталында жасыл белдеу қалыптастыру жұмыстары қолға алынған. Арнайы қоршалған аумақтарға әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылып, олардың жерсінуіне қолайлы жағдай жасау үшін тамшылатып суару жүйесі енгізілген.

Бөлісу