​АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «ПОЭЗИЯ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
159

Шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, поэзияға қызығушылығын дамыту, көркемсөз оқу мәдениетін қалыптастыру және Абайдың рухани мұрасын дәріптеу.


​АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ «ПОЭЗИЯ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

10 тамыз – Абай күніне орай Шымкент қаласындағы А. С. Пушкин атындағы қалалық кітапханада жастар арасында «Поэзия» байқауы ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани мұраны сақтау және өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісіне айрықша мән беріп келеді. Осы бағытта ұлы ақынның шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттаудың маңызы зор.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, поэзияға қызығушылығын дамыту, көркемсөз оқу мәдениетін қалыптастыру және Абайдың рухани мұрасын дәріптеу.
Байқау барысында қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын мәнерлеп оқып, көркемсөз оқу шеберліктерін танытты. Сонымен қатар Абайдың өлеңдері мен тағылымды туындылары орындалып, ақын мұрасының терең мағынасы мен тәрбиелік мәні кеңінен насихатталды.
Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Мұндай мәдени-танымдық іс-шаралар жастардың әдебиет пен өнерге қызығушылығын арттырып, ұлттық руханиятқа құрметін қалыптастыруға және Абай мұрасын кейінгі буынға насихаттауға мүмкіндік береді.
Бөлісу