​685 ГРАММ, 92 КҮН: Шымкентте өмір үшін күрескен сәби оңалып, үйіне шығарылды

0
87

Алғашқы 72 күнін жансақтау бөлімінде өткізген


​685 ГРАММ, 92 КҮН: Шымкентте өмір үшін күрескен сәби оңалып, үйіне шығарылды

Шымкентте шала туған нәресте дәрігерлердің көмегімен аман қалып, 92 күннен кейін үйіне шығарылды.

Қыз бала 2026 жылдың 26 қаңтарында небәрі 685 грамм салмақпен дүниеге келген. Жүктіліктің 26 аптасында, мерзімінен ерте туған нәрестенің жағдайы ауыр болып, өмірінің алғашқы сәттерінен бастап дәрігерлердің жіті бақылауында болды.
Шақалаққа тыныс алудың бұзылуы, шала туу және өте төмен салмақ диагноздары қойылды. Сонымен қатар, түрлі асқынулардың даму қаупі жоғары болды. Анасының жүктілігі асқынулармен өтіп, қабыну процесі, қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі және анемия тіркелген.
Алғашқы 72 күнін жансақтау бөлімінде өткізген сәбидің қосқан әр грамм салмағы, өздігінен тыныс алуы ата-анасы мен дәрігерлер үшін үлкен үміт пен қуанышқа айналды. Одан кейін тағы 20 күн арнайы бөлімде емін жалғастырды.
Уақыт өте келе нәрестенің жағдайы жақсарып, салмағы 2235 грамға дейін жетті. Қазіргі таңда қыз бала өздігінен тыныс алып, анасы өзі емізуде.
Осылайша 92 күнге созылған күрделі емнен кейін сәби анасымен бірге үйіне шығарылды.
Бөлісу