Түркістан облысының тұрғыны түнгі уақытта азық-түлік дүкендеріне түскен
фото: Шымкнт қ. ПД баспасөз қызметі жариялаған видеодан скриншот
Шымкент қаласының полицейлері ұрлықтар сериясына қатысы бар ер адамды ұстады.
Тергеу мәліметінше, Түркістан облысының тұрғыны түнгі уақытта азық-түлік дүкендері мен қоғамдық тамақтану орындарына заңсыз кіріп, кассадағы ақша қаражатын және ұялы телефондарды қолды еткен.
Қазіргі таңда оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас 10 дерекке қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары ұрылардың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бейнебақылау жүйелерін орнату, дабыл қондырғыларын пайдалану және сенімді құлыптау тетіктерін қолдану қажеттігі туралы еске салады.


