Проблемаңыздың шешімін 30 минутта таба аласыз

0
194

Осы қарапайым, бірақ қуатты алгоритмді ұстана отырып, адам бұрын мүмкін емес деп санаған мәселелерді де сенімді әрі жылдам шеше алады.


Проблемаңыздың шешімін 30 минутта таба аласыз

Фото: Dzen.ru

Табыс пен өнімділіктің сыры – көп іс тындыруда емес, бір істі толық әрі нәтижелі орындауда. Дәл осы идеяны 1986 жылы белгілі мотиватор, бизнес- тренер Брайан Трейси өзінің атақты «Нәтиже формуласы» арқылы дәлелдеген. Ол адамның барлық энергиясын бір нүктеге бағыттағанда, небәрі 30 минутта сегіз сағаттық жұмыстың нәтижесіне жетуге болады дейді.

Трейсидің бұл формуласы «30 минуттық туннель» қағидасы деп те аталады. Оның айтуынша, бұл формула кез келген мәселені жарты сағатта шешуге мүмкіндік береді.


Формуланың мәні төрт элементке негізделеді:

  • R=(W×C)÷T
  • R - нәтиже
  • W - мақсаттың айқындығы (яғни, не қалайтыныңды қаншалықты нақты түсінесің)
  • C - зейін, шоғырлану
  • T - назарды бөлу уақыты

Назардың ауысуы неғұрлым аз болса – шешім соғұрлым жылдам табылады. Мұнда ешқандай сиқыр жоқ, бұл – таза «назар физикасы». Трейси 12 компанияда осы әдіспен тәжірибе жүргізген. «30 минуттық туннель» тәсілін қолданған қызметкерлердің өнімділігі 300%-ға артқан.

Ол бұл ойды былай тұжырымдаған: «Ми – прожектор сияқты. Ол бәрін бірдей жарықтандыра алмайды. Бірақ егер сен оның сәулесін бір нүктеге 30 минутқа бағыттасаң – шешім сол жерден табылады».

Ендеше, өзіңді бір орында тұрып қалғандай, мотивация жоғалтқандай сезінсең – мотивация іздеме. Оңашада отыр да, бір ойға жарты сағат уақытыңды бөл. Үзіліссіз, телефонсыз.


Ереже

1. Таймерді 30 минутқа қою. Назарыңызды тек мәселеңізге аударып, шешімін іздеңіз. Уақыт шектелгенде ми әдеттегіден белсенді болады, жұмысты қарқынды жүргізуге итермелейді, назарды басқа жаққа аударуды және кейінге шегеруді азайтады.

2. Ойға келген барлық нұсқаны жазу. Шешімі қарапайым көрінсе де жазыңыз. Нұсқаларды жазып, жоспар құру ойлауды стратегиялық және мақсатқа бағыттайлы.

3. Ішіндегі тиімді нұсқаны таңдау, соған сәйкес жоспар құру.


Мысал: «Интернет-дүкендегі сатылымды қалай арттыруға болады?»

  1. Мәселені нақты жазыңыз: «Интернет-дүкендегі сатылымды арттыру».
  2. Мәселені бөліктерге бөліңіз: жарнаманы жақсарту, сайтты оңтайландыру, клиенттермен жұмыс, жаңа өнімдер енгізу.
  3. Идеялар генерациясына 30 минут белгілеу.
  4. Нұсқаларды жазу: SEO, контекстік жарнама, акциялар, сайт дизайнын жетілдіру, менеджерлерді оқыту.
  5. Нәтиже: Нұсқаларды бағалау және ең жылдам әрі үнемдісін таңдау. Тесттік жарнаманы бір апта ішінде іске қосу, акцияларды 3 күнде дайындау жоспарын құру.

Брайан Трейсидің бұл әдісі шешім қабылдау мен мәселені жылдам шешуге және бар болғаны 30 минут ішінде әрекетке көшуге мүмкіндік береді.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Мақсатқа ЖЕТКІЗЕТІН өте жеңіл ӘДІС

Тойды ҚАЛАЙ артық ШЫҒЫНСЫЗ әрі сәнді ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?