"Кетті де, қайтып оралмады..."
Сурет: i.pinimg.com
Отбасылық өмірдің жарым белінде арқа сүйер азаматынан айрылған Майра апай ең үлкен өкінішімен, ең ащы түйінімен бөлісті.
"Кімге болса да, ренжісең, сөйлес. Себебі үнсіздік кейде мәңгілік қоштасуға айналып кетуі мүмкін" дегісі келеді ол ERNUR.KZ порталының оқырмандарына.
"Жас кезімде күйеуіме болмашы нәрселер үшін ренжіп қала беретінмін. Бәрі ұсақ-түйек нәрселер еді. Бірақ мен бұртиып, қабағымды түйіп, ішімнен өкпелеп жүретінмін. Ренішімді айтпаған сайын, жүрегімдегі өкпе өсті. Ол да үнсіз қалатын.
Бір күні сол реніштің салқынында ол жұмысқа кетті. Кетті де, қайтып оралмады... Жол апаты мәңгілік өміріне алып кетті.
Сол сәттен бастап ренішті іште сақтаған адам өз жүрегін өзі жаралайтынын түсіндім. Егер әр реніштен соң ашық сөйлескенімде, жүрегімді ашқанымда, бәлкім, сол күн басқаша аяқталар ма еді?..
Келіндерім мен қыздарыма айтар ақылым: күйеуіңмен ренжіссең – сөйлес. Себебі үнсіздік кейде мәңгілік қоштасуға айналып кетуі мүмкін.
Сабырлы бол. Бірақ үнсіз қалма. Үнсіздікті сабыр деп ойлама. Ол – жоғалған түсіністіктің белгісі. Арада байланыс орнатпаудың амалы. Сабырлы болу – ренішіңді айқай-шусыз, жылау-сықтаусыз, жай сөзбен, бәсең үнмен жеткізе білу. "


