«Үйіңе жеттің бе жаным»: келіншек ерте тұрмыс құрғанына өкінетінін айтты

0
187


«Үйіңе жеттің бе жаным»: келіншек ерте тұрмыс құрғанына өкінетінін айтты
Сурет: media.istockphoto.com
"Ерте тұрмыс құрғаныма өкініп отырмын" Осылай деп жанарын төмен салды ERNUR.KZ порталының редакциясына келген жас келіншек.

Оның бізден күтетіні ақыл-кеңес пе әлде көмек пе? Бәлкім жай ғана оқырмандардан қолдау іздейтін шығар. Қалай болғанда да, басындағы жайтты жариялауды өзі өтінді.

"Мен 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Балалық махаббатпен күйеуімді қатты жақсы көріп, тұрмысқа шықтым. Төрт жылда 3 қыз баланы өмірге әкелдім, оның бірі шетінеп кетті. Ана үшін пензент қазасы қандай ауыр қайғы болатынын мен сол кезде түсіндім.
Өзім есімді жия алмай жүргенімде байқаусызда күйеуімнің телефоны қолыма тиді. Каспиден ақша аудару үшін керек болып еді. Былайша, қарамайтынмын. Сол мезетте телефонға хабарлама келіп түсті. Ашпай-ақ, не жазылғанын оқып үлгердім. «Үйіңе жеттің бе жаным» деп жазылыпты.
Төбемнен біреу суық су құйып жібергендей сезімде болдым. Өткен өмірім көз алдымнан өтті. Күйеуіммен арамызда болған махаббаттың барлығы жалған болғаны ма сонда деп қалшылдап, өз өзіме келе алмадым.
Күйеуім не болғанын білді, маған түсіндірмекші болды, бірақ мен тыңдамадым. Екі қызымды алып, төркініме кетіп қалдым.
Небәрі жиырма бір жасымда "ажырасқан" деген атаққа ие болғым келмесе де, солай болды. Бұл жастағы қыздар гүлдей жайнап жүр ғой. Ал мен неге ерте тұрмысқа шығуға асықтым екен деп өзіме ашуланып отырмын."