«Ит пен мысықтай ырылдассын» деп зиян жасапты": жас келіншектен абысы кешірім сұрап, өзі мойындаған

0
179

"Инстаграмдағы суреттерімді қағазға шығарып алып ойындағысын жасапты"


«Ит пен мысықтай ырылдассын» деп зиян жасапты

Сурет: sun9-8.userapi.com


Қу тірлік пен әркімнің желідегі өмірін қарап жүріп көп отбасылар берекесін жоғалтып алып жатыр. Біреулер өзгелердің керемет қып көрсеткен өмірі бізде жоқ деп үйінің құтын қашырады. Енді біреулерге сол керемет өмірін көрсеткені үшін басқалардың тілі, көзі тиіп кетіп жатыр. ERNUR.KZ әлеуметтік желідегі парақшасына өз басынан өткенін жазған оқырман осындай жағдайды айтып, бөлісуді жөн санапты.


"Әлеуметтік желіге фото-видео салғыштардың бірі мен едім. Абысыным инстаграмдағы суреттерімді қағазға шығарып алып, оқытып, молаға көмген екен. Күйеуім екеуміз үйлену тойымызда түскен суретті де шығарып, «Ит пен мысықтай ырылдассын» деп оқытыпты.

Бәрі тура абысынымның қалағанындай болды. Күйеуім өзгерді, мен де басқаша боп кеттім, әйтеуір арамыз екі күннің бірінде ұрысқа айналды. Өзім ауыра беремін. «Мұндай өмірдің не керегі бар? Өліп қала салсам ба екен» деп, өзіме қол салу жайлы жиі ойлайтын болдым.

Балаларым туралы ойлағанда ғана тоқтайтын еді осындай мазасыздықтар. Ақыр соңында біз ажырасып кеттік. Қазір 7 жыл болды, не ол қайтып үйленбеді, мен де әлі екінші тұрмыс құрған жоқпын.

Тіл-көз тию, дуалау, дем салу дегендерге сенбейтінмін. Кейін анам бір емші апайға апарып, сол кісіден жақсы болғаннан кейін барып көзім ашылды.

Оқыту, дуалау дегендер иесіне қайтады екен ғой. Мен ем салдырып, жағдайым жақсарғанда абысынымның басына қара бұлт өзінен-өзі үйіріліпті. Жеке бизнесі бар еді, сонысы жүрмей, ісі кері кетіп, минусқа кірген. Қайнағаммен арасы бұрынан жақсы емес еді, одан ары ушығып, ажырасуға шақ қалып, әулеттің үлкендері ақылдарын айтып жүріп қайта жарастырыпты.

Сонда да сеніңкіремей жүр едім, кейін кешірім сұрап, жылап, жалынып келді алдыма. Өзі айтқан соң сенбеске амалым қалмады. Мен кешірмейтін кіммін, «Жақсы, кешірдім. Бірақ ендігәрі ешкімге бұндай зияныңызды тигізбеңіз» дедім.

Тіл, көз, сұқ, сиқыр деген нәрсе бар екенін мойындай бастадым..."