"Жұрттан қалмайын дедім": Ұшақта анасын құттықтаған бортсерік желі жұлдызына айналды

0
114

Бортсеріктің әрекетін жолаушылар қолдап, қол соқты.


Фото: Stan.kz

ERNUR.KZ. Желіде отандық әуе компаниясының бортсерігі ұшақта анасын құттықтап, желі жұлдызына айналды, деп жазады stan.kz.

Бортсеріктің әрекетін жолаушылар қолдап, қол соқты. Кадрдан ұшу алдында бортсеріктің жолаушыларға арнап сөз сөйлегенін көруге болады. Ол алдымен рейстің сәл кешіккені үшін кешірім сұрап, одан кейін жолаушылардың рұқсатымен анасына жүрекжарды лебізін білдірген.

"Құрметті жолаушылар, жолға сәл кешіккеніміз үшін кешірім өтінемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сіздердің рұқсаттарыңызбен анашымның туған күнімен құттықтағым келеді. Анашым, әкетай екеуіңізге бақыт тілеймін. Денсаулық, рахмет", – дейді ол.

Алайда, видео ғаламторға тарағаннан кейін желі қолданушыларының пікірі әзілге ұласты. Көпшілік бортсеріктің бұл әрекетін қоғам қайраткері Ардақ Назаровтың Парламентте жеке құттықтау айтқан сәтімен салыстырып, түрлі пікір жазған.

"Бұл саған парламент па?", "Рұқсат жоқ тек мәжліс залында құттықтайсын", "Әлгі бір құттықтауға ұқсайды", “Енді депутат болуың керек”, “Ардақ сол ұшақта отырса, қызық болар еді”, “Енді депутат боласың” – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Ардақ Назаров мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтаған еді.