"Шектен шығып кетті": Биші жігітті тепкен KeshYOU әншісі сынның астында қалды

0
83

19 қыркүйекте Астанада өткен топтың 20 жылдық мерейтойлық концертінен кейін желіде Елизаттың өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео тарады.


Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. KeshYOU тобының бұрынғы әншісі Елизат Берікованың сахнадағы биі әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады stan.kz.

19 қыркүйекте Астанада өткен топтың 20 жылдық мерейтойлық концертінен кейін желіде Елизаттың өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео тарады. Кадрларда әншінің бишілермен бірге би билеп, қойылым барысында ер бишіге қарай аяғын жоғары көтеріп, тепкендей қимыл жасағанын көруге болады.

Көпшілікке әншінің би қимылдары мен сахналық образы тым ашық көрінген. Кейбір желі қолданушылары мұндай қойылымды жергілікті ортаға жат деп бағалап, әншіні сынға алды.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі Елизатты Дженнифер Лопеспен салыстырып, “қазақстандық Джей Ло болып кеткен” деп мысқылдаған.

Тіпті кейбір қолданушылар:

“Дженнифер Лопестің өзі ер адамдарға бұлай аяқ көтермейді”, “Еркекті тебуге болмайды ғой”, “Ұятын-ай”, “Тепкені ғана емес, бар жасағаны ерсі болған”, “Масқара! Топты жауып тастау туралы петиция жасау керек. Біздің қазаққа мұндай көрініс пен мұндай әндердің не керегі бар?” – деп жазған.

Дегенмен әншіні жақтап шыққандар да аз емес. Олар сахнадағы қимылдың жеке әрекет емес, арнайы дайындалған хореографиялық қойылымның бір бөлігі екенін алға тартты.

Қолдаушылардың айтуынша, концерт ауқымды шоу ретінде жасалғандықтан, мұндай сахналық шешімдерге тым қатты мән берудің қажеті жоқ. Олар бидің кәсіби деңгейде қойылғанын және әншінің тек берілген образды орындағанын жазды.