"Өзін дәлелдеймін деп апыл-ғұпыл түсіре салған": Қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелінің фильмін сынап тастады

0
58

Мөлдір Мұқанова фильмнің продюсері ғана емес, сонымен қатар басты рөлді де сомдады.


Фото: https://www.instagram.com/shai_v_bolshom_gorode

ERNUR.KZ. 20 қарашадан бастап танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі әрі продюсер Мөлдір Мұқанова түсірген “Шәй в большом городе” фильмі қалың көрерменге жол тартты. Алайда фильмді көріп үлгерген қазақстандықтар өнер иесінің алғашқы туындысын сынап жатыр, деп жазады stan.kz.

Мөлдір Мұқанова фильмнің продюсері ғана емес, сонымен қатар басты рөлді де сомдады. Оның айтуынша, фильм қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтереді және актрисаның жеке өмірінің бірнеше сырлы қырын ашып көрсетеді.

Фильм не туралы?

Фильм сюжеті бойынша мектеп кезінен құрбы әйелдер ауылдан шоу-бизнес жұлдызына айналған досының жетістігін құттықтауға үлкен қалаға келеді. Алайда құрбылар кездескенде шындықтың беті ашылып, өмірдегі басты дүние табыс емес, айналаңдағы шын достар мен жақын адамдар екені көрсетіледі.

Көрермендердің пікірі

Продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында фильмге билеттердің тез сатылып жатқанын айтып, көрермендердің фильмді жоғары бағалап жатқанын бөлісті. Мәселен бір Stories-те ол Өскемендегі киноафишаның скриншотын жариялады, фотодан фильмге барлық билеттің сатылып кеткенін көруге болады.

Алайда Threads желісінде фильмді тамашалап үлгерген қазақстандықтар теріс пікір қалдырып жатыр. Мәселен “ariwithnoferrari” парақшасының авторы фильмнің жарық көруін екі ай күткен анасымен барғанын, алайда кино мүлде ұнамағанын жазған.

“Мүлде түсініксіз. Мен бұл фильмді екі ай күттім. Фильмде жылаймын деп қалтама майлық салып алып едім, болмады. Фильмнің соңы мүлде түсініксіз аяқталды. Фильмге тек Мөлдірді қолдау үшін баруға болады, Мөлдір өте жақсы әйел, оның миллиард табыс тапқанын қалаймын”, – деді бойжеткеннің анасы.

Өзге қолданушылар фильмнің мүлде мағынасыз екенін, асығыс түсірілгені көрініп тұрғанын жарыса жазып жатыр.

“Бүгін құрбыларыммен “Шай в большом городе” фильміне бардық, кешіріңіздер, бірақ бұл өмірімде көрген ең мағынасыз фильм. Мына сұмдықты көрмеген жаңа көз керек. Фильмде тек актриса Ақерке жақсы алып шықты, ал қалған әртістер оқушы секілді ойнаған. Тіпті Мөлдірді қолдау үшінде көріп керек емес секілді. Өмірімде алғаш рет теріс пікір жазып отырмын”, “Қайрат Әділгерейдің әйелі де соны айтқан, сұхбатта айтқанын фильм қылып түсірген деп, жерден алып, жерге салды ғой”, “Жаңа ғана фильмнің жартысын көрмей, шығып кеттім. Сұмдық қой. Босқа кеткен уақытты айтсаңызшы”, “Шай в большом городенің” асығыс түсірілгені көрініп тұр ғой, шикі. Фильмнің баннер, басындағы шрифттеріне дейін онша емес. Мөлдірдің дикциясы құлаққа түрпідей естіледі. Өзін дәлелдеймін деп апыл-ғұпыл түсіре салған” “Қазір кинотеатрда фильмді көріп отырмын. Айтарға сөзім жоқ. Мынау көретін фильм емес, ешқандай сюжет жоқ, актерлердің ойыны нашар. Фильмдегі киімдер туралы айтпай-ақ қояйын, мұндай киноны қалай шығарды екен?”, “Жалпы, Мөлдірдің киносын бір қолдап жіберейік ел-жұрт болып. Бірақ, бұдан кейін кино түсірмейсің деген шартпен”, “Сапасыз фильм түсіріп, отандық киноның деңгейін түсірмеңіздерші” – деп жазып жатыр олар.

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.